Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасының «Ұшқыр ой» алаңы жобасы аясында республикалық дебат қозғалысын дамыту мақсатында №43 қосымша білім беретін мектеп орталығы мен Қосшы қаласының IT мектеп-лицейі арасында өзара ынтымақтастық орнатылып, «Заң және тәртіп» бағдарламасы шеңберінде «Заң және мен» тақырыбында пікірсайыс өтті. Пікірсайыс барысында қатысушылар өз ойларын еркін жеткізіп, құқықтық сауаттылық пен азаматтық жауапкершілік мәселелерін талқылады. Шара өте қызықты әрі тартысты жағдайда өтті. Нәтижесінде, оқушылардың заңға деген құрметі артып, сыни ойлау қабілеттері мен шешендік дағдылары дамыды.
