Мектептің байланыс нөмірі 8(717)291-86-63

📚⚖️ 25 мамыр күні мектебімізде 1–10 сыныптар арасында «Заң және тәртіп – халықтық Конституция құндылықтары» тақырыбында ашық тәрбие сағаттары өткізілді.

Іс-шараның негізгі мақсаты – білім алушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру, Конституцияны құрметтеу мәдениетін қалыптастыру, заң мен тәртіп қағидаттарын дәріптеу және азаматтық жауапкершілікті нығайту.

Тәрбие сағаттары барысында оқушылар:
✅ Конституцияның қоғам өміріндегі маңызы туралы мәлімет алды;
✅ өз құқықтары мен міндеттерін талқылады;
✅ заң мен тәртіптің адам өміріндегі рөліне қатысты пікір алмасты;
✅ жағдаяттық тапсырмалар мен танымдық ойындарға қатысты;
✅ «Адал азамат» құндылықтарының мәнін түсінді.

Бастауыш сынып оқушылары үшін қызықты ойындар, сурет салу және тәрбиелік әңгімелер ұйымдастырылса, орта және жоғары сыныптарда пікірталас, құқықтық викторина, кейс-талдау және азаматтық ұстанымға бағытталған талқылаулар өткізілді.

Осындай тәрбиелік іс-шаралар арқылы оқушылардың құқықтық мәдениеті қалыптасып, әділдікке, жауапкершілікке және қоғамға пайдалы азамат болуға деген көзқарастары нығая түседі.