27 қараша 2025 жылы «Заң және тәртіп» идеологиясы аясында педагог-психологтар Завадская Г.Н., Сапарғалиева А.Б. және әлеуметтік педагог Ибраимбекова А.М.-ның ұйымдастыруымен ата-аналар шақырылып, дөңгелек үстел өтті. Іс-шара барысында жыныстық қол сұғылмаушылық, тұрмыстық зорлық-зомбылық, АИТВ жұқпасының және буллингтің алдын алу тақырыптары қозғалып, оқушылардың қауіпсіздігі мен психоэмоционалдық саулығын қамтамасыз ету жолдары талқыланды. Кездесуге бейінді мамандар мен ата-аналар кеңесі өкілдері қатысты.

