Адал азамат” біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында “Жасампаздық және жаңашылдық” құндылығын дамытуға бағытталған мектепішілік жоспарға сәйкес 9 ақпан күні 9 ә сынып оқушыларының қатысуымен “Жүрек жырлайды” тақырыбында Мұқағали өлеңдерін оқу кеші өтті. Мұқағали Мақатаевтың өлеңдеріне арналған оқу кеші — оқушылардың поэзияға деген қызығушылығын арттырып, ұлттық әдебиетке деген құрметін нығайтқан тағылымды іс-шара болды. Кеш барысында қатысушылар ақын шығармаларының терең мағынасы мен тәрбиелік мәнін сезініп, көркем сөз оқу мәдениетін дамытты. Мұқағали поэзиясы арқылы адамгершілік, туған жерге сүйіспеншілік, өмірге құштарлық сияқты асыл құндылықтар дәріптелді. Осындай әдеби кештер жас ұрпақтың рухани дамуына оң әсер етіп, олардың шығармашылық қабілеттерін шыңдауға мүмкіндік береді. Сынып жетекшісі Рүстемова Б.М

