Мектептің байланыс нөмірі 8(717)291-86-63

2026 жылғы 22 мамырында Астана қаласындағы №43 қосымша білім беру мектеп-орталығында” “ЖҰЛДЫЗДАР ШЕРУІ” өтті.

Мектеп ата-аналары, оқушылары мен қонақтар біздің шәкірттеріміздің шығармашылығы мен шеберлігін тамашалады.
Ең үздіктер өз мүмкіндіктеріне деген сенімділік пен сенім танытты. Шеруге қатысқандардың арасында әлем, Азия және Қазақстан Республикасының чемпиондары болды. Сондай-ақ қалалық “Шаттық 2026” байқауының бірнеше мәрте жеңімпаздары қатысты.

Мектеп директоры Руслан Манарбекұлы Такебаев дипломдар, кубоктар мен медальдар табыстады.