Мектептің байланыс нөмірі 8(717)291-86-63

Жаңалықтар

Мектебімізде «Терезе – SAFE» республикалық науқаны аясында түсіндірме іс-шара өтті. Шара барысында балалардың терезеден құлау жағдайларының алдын алу, тұрмыстық қауіпсіздік ережелерін сақтау және ата-аналардың жауапкершілігін арттыру мәселелері сөз болды. 👮‍♀️ Кездесу барысында құқықбұзушылықтың алдын алу және жалпы қауіпсіздік шаралары туралы да әңгіме қозғалды. Лекцияны полиция капитаны Алходжаева Айнур жүргізіп, оқушыларға нақты мысалдар арқылы пайдалы ақпарат […]

Толығырақ

🎉 СҮЙІНШІ! 🎉 Қалалық «Шаттық – 2026» байқауында мектебіміз зор жетістікке жетті! Дарынды оқушыларымыз 4 алтын, 1 күміс, 2 қола жүлдені иеленіп, мектеп мерейін асқақтатты! 🏆✨ 🥇 АЛТЫН ЖҮЛДЕГЕРЛЕР: 🔸 «Қазақ халық аспаптары» (жеке орындау, 8–9 жас) Койшыбеков Жігер (домбыра) Жетекшісі: Майкибаев Жанат Абдыкадырович 🔸 «Фотосурет» жанры (15 жастан жоғары) Жапар Гүлзағира Жетекшісі: Уалханова Е.М. […]

Толығырақ

«Таза Қазақстан» республикалық акциясына біздің мектеп те белсене қатысты. Акция аясында мектеп мұғалімдері сенбілікке шығып, мектеп аумағын тазалау жұмыстарына атсалысты. Ұстаздар аула аумағын қоқыстан тазартып, айналаны ретке келтіріп, тазалық пен жауапкершіліктің үлгісін көрсетті. Табиғатты қорғау – баршамыздың ортақ міндетіміз. Таза орта – жарқын болашақ кепілі!  

Толығырақ

2026 жылдың 9 сәуірінде Астана қаласы әкімдігінің №43 қосымша білім беру мектеп-орталығының ұстаздары Жапония мемлекеті Гуфу университетінің профессоры Хакумура Наоя мырзамен кездесу өткізді. Профессордың зерттеу тақырыбы: бұрынғы кеңестік елдердегі әлеуметтік қамсыздандыру жүйесін, сондай -ақ мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған мемлекеттік қолдау шаралары. Кездесуге дейінгі уақытта мәртебелі қонақ мектеп ғимаратын аралап, сонымен қатар мектептің жылыжайымен де танысты. […]

Толығырақ

«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында бүгін біздің мектебімізде 11-сынып оқушыларына арналған «Білім – мемлекеттік саясаттың басты құндылығы: жаңа Конституцияда айқындалған басымдықтар» тақырыбында сынып сағаты өткізілді. Сынып сағатының мақсаты – оқушыларға Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының мазмұнын түсіндіру, олардың құқықтық сауаттылығын арттыру және азаматтық жауапкершілігін қалыптастыру болды. Іс-шара барысында оқушылар Конституцияның негізгі баптарымен танысып, адам құқықтары […]

Толығырақ

Дүниежүзілік денсаулық күніне орай өткен қалалық іс-шара 7 сәуір – Дүниежүзілік денсаулық күніне орай Астана қаласында ұйымдастырылған «Денсаулыққа бірге» атты қалалық іс-шараға мектебіміздің оқушылары белсене қатысты. Іс-шара аясында жаппай таңғы жаттығу өткізіліп, 1 шақырымдық жүгіру жарысы ұйымдастырылды. Оқушыларымыз салауатты өмір салтын насихаттап, жоғары белсенділік танытты. Мектебіміздің намысын қорғаған оқушылар: ▪️ Сайлау Ильяс ▪️ Серик Камила […]

Толығырақ

🐦 «Құстар күні» акциясы 43-мектептің 7 «Ә» сынып оқушылары «Құстар күніне» орай экологиялық акция өткізді 🌿 Іс-шара барысында оқушылар құстардың табиғаттағы маңызы туралы ақпарат алып, оларға қамқорлық жасаудың жолдарын үйренді. Сонымен қатар, құстарға ұя жасап, жем беріп, табиғатты қорғау бағытында белсенділік танытты. Оқушылар акцияға үлкен қызығушылықпен қатысып, өздерінің табиғатқа деген жанашырлықтарын көрсетті 💚  

Толығырақ

Осыған орай мектебімізде аутизм туралы түсіндірме жұмыстар жүргізіліп, оқушылардың бұл тақырыпқа деген түсінігі мен толерантты көзқарасын қалыптастыруға бағытталған іс-шара өтті. Іс-шараны мектеп психологы Сапарғалиева А.Б. және педагог-ассистент Касенова А.Х. жүргізді. Әр бала — ерекше. Оларды түсіну, қабылдау және қолдау — біздің ортақ міндетіміз 🤍  

Толығырақ

2026-2027 оқу жылында Астана қаласының мектептеріне бірінші сыныпқа құжаттарды қабылдау 27 мамырда басталып, 31 тамызда аяқталады. ✍️ Мектепалды даярлық бағдарламасын меңгерген және сол мектепте оқуын жалғастыруды қалайтын балалар ата-анасының өтініші негізінде мектепке қабылданады. Барлық мектептерде (дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептерді қоспағанда) бірінші сыныпқа қабылдау емтихансыз жүргізіледі. Құжаттарды тапсыру тәсілдері: 🌐 Электрондық түрде: www.egov.kz порталы арқылы […]

Толығырақ

Наурыз мерекесі кең көлемде аталып өтті 🌿 Мерекелік іс-шараға мектеп оқушылары белсене қатысып, ауыл тұрғындарына көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Оқушылар ұлттық салт-дәстүрлерді дәріптеп, әсем ән айтып, би билеп, көріністер қойып, жиналған көпшіліктің ықыласына бөленді. Іс-шара барысында ұлттық ойындар ойнатылып, ауыл тұрғындары да белсенділік танытып, мерекенің сәнін келтірді. Бұл күн ұрпақтар сабақтастығын жалғап, халқымыздың бай мәдениетін насихаттауға […]

Толығырақ