Жаңалықтар
Жаңа тоқсан — жаңа серпін! Мектеп ұжымы 3-ші тоқсанның басталуына орай оқушыларды ерекше көңілді күймен, көтеріңкі көңіл-күймен қарсы алды. Таңнан бастап мектеп дәліздері шат күлкіге, жағымды эмоцияға толып, оқушыларға жылы лебіздер мен жақсы тілектер айтылды. Осындай жағымды атмосфера оқушыларға жаңа тоқсанды сеніммен бастап, алға мақсат қойып, білім жолында табысты қадам жасауға үлкен мотивация сыйлады. ✨ […]
🔰Мектепте кезекті №3 педагогикалық кеңес өткізілді.🔰 Кеңес барысында оқу-тәрбие үдерісінің өзекті мәселелері талқыланып, білім сапасын арттыруға бағытталған бірқатар ұсыныстар мен шешімдер қабылданды. Алдағы кезеңге арналған нақты міндеттер айқындалды. Бүгінгі кеңестің форматы бұрынғыдан өзгерек болды. Педкеңес ұстаздарды шағын командаларға бөлу арқылы топтық жұмыстарды орындау нәтижесінде тиісті шешімге қол жеткізуді көздеді. Тәрбие бөлімінің ұйымдастыруымен өткен педкеңесте директордың […]
Бүгін, 24 желтоқсанда, №43 мектеп-орталығында бастауыш сынып оқушыларына арналған мерекелік ертеңгілік өтті! 🎉 Мақсаты:Мерекелік атмосфера орнату және балаларға қысқы демалыс қарсаңында қуаныш сыйлау. Міндеттері: Балаларды Жаңа жыл мерекесінің дәстүрлерімен таныстыру 🎄 Ойындар мен шығармашылық нөмірлер арқылы балалардың қабілеттерін дамыту Жаңа жыл қарсаңында оқушылар мен ұстаздардың бірлігін нығайту. […]
Биылғы жыл – адамзаттың ғұламасы Абай Құнабайұлының 180 жылдығы аталып өтілуде. Осыған орай, үстіміздегі жылдың 19 желтоқсан күні Астана қаласы №43 қосымша білім беру мектеп -орталығында «Ұлы Абай -ұлттың ұжданы» атты монолог -қойылымы тарих апталығы аясында ұйымдастырылды. Іс -шараның мақсаты — ұлы тұлғалардың өлмес бейнелерін «жолықтыру арқылы» тарихқа терең бойлап, ұлттық сананың тұнығын рухтық деңгейге […]
Тәуелсіздік – ел тірегі, еркіндік – ұрпақ мұраты! Мектебімізде Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған мерекелік концерт ұйымдастырылды. Салтанатты шара барысында оқушылар патриоттық әндер шырқап, би билеп, жүрекке жетерлік қойылымдар көрсетті. Бұл концерт — Отанға деген сүйіспеншілік пен бірліктің жарқын көрінісі болды. Тәуелсіз еліміздің тұғыры биік, болашағы жарқын болсын! ✨
Қосымша білім беру мектеп орталығында 9 «Ә» сынып оқушылары Тәуелсіздік күніне орай мәнерлеп өлең оқып, өз үлестерін қосуда. Олар еліміздің көркеюіне тілектестік танытып, жүрекжарды лебіздерін білдірді. Еліміз өсіп-өркендей берсін! Мереке құтты болсын!
2025–2030 жылдарға арналған «Заң мен тәртіп идеологиясын ілгерілету» мемлекеттік тұжырымдамасын жүзеге асыру аясында Астана қаласы прокуратурасының бастамасымен “Болашақ прокурор” клубы құрылды. Аталған іс-шараға мектеп директоры Такебаев Р.М. мен 10 «Ә» сынып оқушысы Жанаева Мадина қатысты. Жобаның негізгі мақсаты – оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру, белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастыру және көшбасшылық қабілеттерін дамытуға бағытталған тұрақты тетіктерді енгізу. […]
Жақсылық жасап жарысайық! 🌟 Кішкентай мейірім – үлкен өзгерістердің бастауы. Бір жылы сөз, бір кішкентай көмек, бір жақсы іс – бір адамның күнін де, көңілін де өзгертеді. ✨ Бір жүрекке жылу сыйлау – бір әлемді жарық ету.
27 қараша 2025 жылы «Заң және тәртіп» идеологиясы аясында педагог-психологтар Завадская Г.Н., Сапарғалиева А.Б. және әлеуметтік педагог Ибраимбекова А.М.-ның ұйымдастыруымен ата-аналар шақырылып, дөңгелек үстел өтті. Іс-шара барысында жыныстық қол сұғылмаушылық, тұрмыстық зорлық-зомбылық, АИТВ жұқпасының және буллингтің алдын алу тақырыптары қозғалып, оқушылардың қауіпсіздігі мен психоэмоционалдық саулығын қамтамасыз ету жолдары талқыланды. Кездесуге бейінді мамандар мен ата-аналар кеңесі […]
Мектеп парламенті ұйымдастырған қызықты күн! 🎉 Бүгін мектеп парламенті оқушылар үшін ерекше көңілді “Поле чудес” ойынын өткізді. Интеллектуалды әрі өте қызықты форматтағы бұл шарада қатысушылар жасырылған сөздерді тауып, өз білімдері мен жылдамдықтарын сынады. Ойын барысында оқушылар белсенділік танытып, бір-бірімен жарыса отырып, тамаша эмоциялар алды. Ең бастысы — жеңімпаздар мен белсенді қатысушыларға арнайы сыйлықтар табысталды! 🎁✨ […]
