Жаңалықтар
15 қараша күні “Сабақтастық” жоспарына сәйкес волейболдан жолдастық кездесу ұйымдастырылды. Жарысқа №42,44,112 орта мектептер мен №74 “Дәурен” балабақша, №60 “Арай” балабақшасының құрама командасы қатысты. Кездесудің мақсаты: көршілес орналасқан ұжымдар арасында салауатты өмір салтын насихаттау және өзара жүйелі жұмыс жоспарлау. Кездесу барысында ұжымдар арасындағы келесі жарыстың уақыттары белгіленіп, алдағы жоспарлар талқыланды.
15 қараша – Ұлттық валюта – теңге күні және Қаржыгерлер күні! Бұл күн – еліміздің экономикалық тәуелсіздігінің бастауы, ұлттық бірегейліктің айғағы. 💵 1993 жылы дәл осы күні теңге айналымға еніп, Қазақстан өз ақшасын қолданысқа шығарды. Сол сәттен бастап теңге еліміздің дамуы мен тұрақтылығының символына айналды. Атаулы мерекеге байланысты мектеп парламенті мектеп оқушыларымен бірге теңге күніне […]
📚 «Кеше – тәжірибе, бүгін – таңдау, ертең – үміт» атты үштік кездесу📚 Бүгін №43 ҚББ мектеп-орталығында қалалық педагогикалық ардагерлер кеңесінің «МЕН және СЕН» жобасы аясында “Кеше – тәжірибе, бүгін – таңдау, ертең – үміт” атты кездесу ұйымдастырылып, ұрпақтар сабақтастығы мен тәрбиедегі ортақ құндылықтарды жаңғыртуға арналды. Дөңгелек үстелге 25 ұстаз бен мектебіміздің 5 белсенді ата-анасы […]
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ КҮНІНЕ АРНАЛҒАН «СПОРТ — ДЕНСАУЛЫҚ, ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ — ЕҢ ҮЗДІК МӘДЕНИЕТ» АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА ӨТКЕН ІС-ШАРА ҚР күніне орай ұйымдастырылған «Спорт — денсаулық, дене шынықтыру — ең үздік мәдениет» акциясы аясында бастауыш сынып оқушылары спорт тақырыбында сурет салып, өздерінің шығармашылық қабілеттерін көрсетті. Балалар әртүрлі спорт түрлерін бейнелеп, салауатты өмір салтының маңызын сурет арқылы жеткізе […]
РЕСПУБЛИКА КҮНІ – ЕЛДІГІМІЗДІҢ МАҚТАНЫШЫ! 🇰🇿 Бүгін мектебімізде ұлық мереке — Республика күніне арналған салтанатты концерт өтті! Іс-шара барысында оқушылар еліміздің тарихы мен тәуелсіздікке жету жолындағы ұлы тұлғалар ерлігін дәріптеп, әсерлі көріністер, патриоттық әндер мен би нөмірлерін ұсынды. Бұл күн – барша қазақстандықтар үшін еркіндік пен бірліктің, елдік пен егемендіктің нышаны. Оқушылардың өнері мен шынайы […]
Республика күніне орай 21-қазан күні №43 ҚББ МО 2 «В» сынып оқушылары Ұлттық музейге тамаша саяхат жасады. Бұл күн — балалардың жүрегіне Отанға деген сүйіспеншілік ұялатқан ерекше сәттердің бірі болды. Оқушылар еліміздің тарихымен танысып, ата-бабамыздың бай мұрасын көзбен көріп, тәуелсіздіктің қадірін сезінді. Мақсаты: Бала бойында туған жерге деген мақтаныш сезімін қалыптастыру, Отанды сүюге, елін құрметтеуге, […]
Абай рухы – мәңгілік шамшырақ 🌿 Мектебімізде қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің ұйымдастыруымен «Абай мұрасы – ұлт қазынасы» атты әдеби кеш өтті. Кеш барысында оқушылар ұлы ақынның өлеңдерін мәнерлеп оқып, қара сөздерінен нақылға толы ойларымен бөлісті. Абайдың өмірі мен шығармашылығына арналған сахналық көріністер көрерменнің ыстық ықыласына бөленді. 🎶 Ән мен жыр, терең ой мен […]
Қазақ тілі мен әдебиеті апталығы аясында 8-10 сыныптар арасында “ Қазақ тілін білесің бе?”деген викторина өтті. Мақсаты: Оқушылардың қазақ тілінен алған білімдерін тиянақтау және пысықтау.Грамматикалық ережелерді меңгеру деңгейін тексеру және жетілдіру.Тіл байлығын, сөйлеу мәдениетін дамыту. Логикалық ойлау, дұрыс жауап беру дағдыларын қалыптастыру және шапшаңдыққа тәрбиелеу. Командалық жұмысқа баулу. Пән мұғалімі: Жилкибаева М.К.
«№43 қосымша білім беру мектеп -орталығында» 2025-2026 оқу жылының 10 қазан айында 5-6 сынып оқушылары арасында «Алтын сақа» олимпиадасының мектепішілік кезеңі өтті. Биылғы жылдың ерекшелігі «Алтын сақа» олимпиадасының мектепішілік кезеңінде платформаға тіркелу «Зерделі» ақыл -ой дамыту орталығы алдын ала жіберген нұсқаулық арқылы жүзеге асырылды. 5-6 сыныптардан тізімнен өткен 21 оқушы қатысты. Жалпы 4 оқушы аудандық […]
Адалдық пен әділдікті насихаттау мақсатында мектеп парламенті «Адал ұрпақ» жобасы аясында сыбайлас жемқорлыққа қарсы бейнеролик түсірді. Бұл жұмыс – оқушылардың парасаттылық, жауапкершілік және азаматтық ұстанымын қалыптастыруға бағытталған. Жемқорлыққа қарсы күрес – баршамыздың ортақ міндетіміз!
