Мектептің байланыс нөмірі 8(717)291-86-63

Жаңалықтар

1 қазан 2025 жылы №97 мектеп базасында республикалық пікірсайыс турниріне арналған қалалық іріктеу кезеңі өтті. Іріктеу кезеңі жоғары деңгейде ұйымдастырылып, қызу тартысқа толы пікірталастармен ерекшеленді. Турнир “Дүниежүзілік мектеп форматында”жүргізілді. Іс-шараның негізгі мақсаты: – Оқушылардың логикалық және сыни ойлау қабілеттерін дамыту, – Ой-пікірін еркін әрі дәлелді жеткізе білуге үйрету, – Қоғамдық белсенділікті арттыру, – Зияткерлік және […]

Толығырақ

Бүгін біздің мектеп оқушылары Ақкөл ауданы, Аққайың ауылындағы «Шапағат» арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығына барып, қарттармен жүздесті. Жастар ардагерлерге арналған шағын концерттік бағдарлама ұсынып, ән мен күйден шашу шашты. Қамқорлық пен мейірімге толы бұл кездесуде оқушылар өз қолдарымен дайындаған сыйлықтарын тарту етіп, үлкендерге қуаныш сыйлады. Мұндай игі шаралар – оқушылардың жүрегіне ізгілік дәнін сеуіп, адамгершілік […]

Толығырақ

«Тіл — ұлттың жаны, халықтың жыры, өткеннің үні, болашақтың тынысы». Бүгін мектептің кіреберісінде таңғы көңіл күй ерекше болды — Қазақ тілі апталығының ашылуы салтанатты түрде өтті! Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері түрлі қызықты ойындар мен тілдік викториналар ұйымдастырып, оқушылардың көңілін көтерді. Қонақтарға бауырсақ пен тәттілер ұсынылып, қазақтың қонақжай дәстүрі көрініс тапты. Ерекше әсерлі сәттердің […]

Толығырақ

Бүгінгі ерекше күнде оқушыларымыз мұғалімдердің, тәрбиешілердің, тіпті мектеп басшылығының да орнын уақытша басып, өздерін жаңа қырынан сынап көрді. 👩‍🏫👨‍💼  

Толығырақ

«Balapan» арнасының игілікті бастамасы бүгін де өз жалғасын тапты   «Balapan» арнасының ұжымы Астана қаласындағы №43 мектептің жылыжайына барып, бау-бақшаны баптап жүрген балаларға көмектесті. 🍅Мұнда қияр, қызанақ, бұрыш, баялды секілді көкөністер өседі. Бұл ерекше бастама балаларға көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Ұл балалар жылыжайда арамшөп жұлды, бақша өнімдеріне су құйды. Қыздар қызанақ, қияр теріп, себетке жинады. […]

Толығырақ

Бүгін мектебімізде асханаға тексеріс жүргізілді. Бракераждық комиссия келіп, ас мәзірінің сапасы мен жағдайын мұқият қарады. Нәтижелерді тіркеу үшін арнайы журнал ашылды. Тексеру қорытындысы бойынша – барлығы талапқа сай, балалар үшін дәмді әрі қауіпсіз тағам ұсынылуда ✅✨  

Толығырақ

“Адал азамат” біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында бүгін, 16 қыркүйек күні, 8-11 сыныптар үшін “Құқық бұзушылықтың алдын алу” тақырыбында тиісті органдардың мамандарының қатысуымен дәріс өтті. Атап айтсақ, Кушеков М. — ҰҚК өкілі, Махмутжан Ә. — тоғызқұмалақтан спорт шебері, Кайракбаева И. Т.- психологиялық қолдау орталығының маманы. Мақсаты: өскелең ұрпаққа құқық бұзушылық түрлерін, себептері мен салдарын ашып көрсету. […]

Толығырақ

№43 ҚББМО сіздерді 12 қыркүйек күні өтетін Ашық есік күніне шақырады. Кездесуіміздің тақырыбы – «Заң және тәртіп». Іс-шара барысында мектеп пен ата-аналар арасындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланып, бала тәрбиесі мен білім сапасын арттыру жолдары қарастырылады. 🕔 Өтетін уақыты: 17:00 📍 Өтетін орны: №43 ҚББМО

Толығырақ

9 қыркүйекте мектебімізде барлық оқушылар мен педагогтар қатысқан жалпы мектептік физминутка өтті. Іс-шараның мақсаты – оқушыларда салауатты өмір салтына тұрақты мотивация қалыптастыру, сондай-ақ оқу күні бойында дене белсенділігін арттыру болды. Физминутка спорт залында өтіп, барлық жас топтарына сәйкес келетін қарапайым әрі көңілді жаттығулар кешенін қамтыды. Көтеріңкі әуеннің сүйемелдеуімен оқушылар қуана-қуана қимыл жасап, бұлшықеттерін қыздырып, жағымды […]

Толығырақ

ҚББМО №43 Абай Құнанбайұлының туғанына 180 жыл мерейтойына орай 4 «Ә» сыныпта ағылшын тілінен креативті танымдық сабақ өтті. Мақсаты: Ұлы ақын Абайдың өмірі мен шығармашылығын ағылшын тілінде таныстыру.Сабақ барысында оқушылар викторинаға қатысып, топтық және жұптық жұмыстар орындап, Абайдың даналық сөздерімен танысты. Ағылшын тілі пән мұғалімі: Капанова Айдана Сагитқызы #Біртұтас_тәрбие @oqu_agartu_ministrligi @gani.beisembayev @akimat__astana @jenis_qasymbek @baikenyesset @k.sengazyyev_official […]

Толығырақ